384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: Маңғыстау облысында 223 тәуелсіз байқаушы жұмыс істеп жатыр

  • 387
  • UPD: 16:54, 09.06.2019

Маңғыстау облысында сайлаудың ашық әрі әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылауда.

Яғни, өңір бойынша әр учаскеге бір байқаушыдан бекітілген. Осы аймақтағы «Хабар 24» тілшісі Талғат Исламұлы Ақтау қаласындағы №30 сайлау учаскесінен бізбен тікелей байланысқа шығып тұр.

- Талғат қайырлы күн! Алдымен сіз тұрған сайлау учаскесіндегі ахуалмен таныстырып өтсеңіз? Ол жердегі тәуелсіз байқаушы өз міндетін қалай атқарып жатыр?

Талғат Мсламұлы, тілші:

Қайырлы күн Жансая, армысыздар қазақ елі. Мен тұрған №30 сайлау учаскесі Ақтаудың 13-ші шағын ауданындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан. Бұл ықшам ауданда тұратын халық саны өзгелерге қарағанда анағұрлым көп. Сондықтан мұнда келіп жатқан кісі қарасы таңнан бері толастаған жоқ. Бұл жерге күн аяғына дейін 2 мыңға тарта қала тұрғыны келеді деп айтылды.

Тәуелсіз байқаушыға келсек, ол өзіне берілген орында отырып, дауыс берушілерге көрсетіліп жатқан қызмет барысын бақылап тұр. Оған арнайы күнделік берілген. Ондағы үш сауалнаманы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 20.00-ге дейін толтырып, аймақтағы штабқа тапсыруы тиіс.

Айта кетейік, 223 тәуелсіз байқаушылардың 40%-ін белсенді жастар құрап отыр. Жалпы байқаушыларды тұрғылықты мекенжайы бойынша 10 мобильді капитан оқытқан. Бұл капитандар «Аманат» азаматтық платформасы базасында жасақталды. Ақтау мен Жаңаөзенге екі, бес ауданға бір капитаннан бекітілген. Сөз соңында айтарым, бүгін Маңғыстау облысы бойынша 223 сайлау учаскесіне 400 мыңға жуық адам келіп дауыс береді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы