378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олжас Сүлейменов: Ел президентін сайлау – мемлекеттің болашағын айқындайтын күн

  • 61
  • UPD: 16:00, 09.06.2019
Олжас Сүлейменов: Ел президентін сайлау – мемлекеттің болашағын айқындайтын күн

Ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов те өз таңдауын жасады.

Ол өзінің отбасымен бірге Алматы қаласында дауыс берді. Жазушы әуелі учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерінен сайлаушылардың белсенділігі туралы сұрап білді. Бұл учаскеде екі мың алматылық дауыс беруші тіркелген. «Бұл – өте жауапты сәт, мемлекеттің болашағын айқындайтын күн», – деп атап өтті Олжас Сүлейменов.  

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері:

- Бұл сайлау лайықты дәрежеде, жақсы өтеді деген үміттемін. Дегенмен ауа райы онша болмай тұр. Бірақ бұл сайлаудың нәтижесі елімізге ашық аспан, халқымызға жарқын болашақ және әрдайым жақсы көңіл-күй сыйлауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы