378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роза Рымбаева: Отбасымызбен сайлауға қатысып, ел болашағы үшін дауыс бердік

  • 80
  • UPD: 17:03, 09.06.2019

Алматыдағы №109 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күн әсіресе, кәмелет жасына толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жастар үшін ерекше. Сайлау комиссиясының мүшелері оларға барлық ережелерді бүге-шүгесіне дейін түсіндіруде. Солардың қатарында сайлауға алғаш рет келгендердің бірі - Еркемай Мейрам да бар.

Еркемай Мейрам, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бүгінгі менің көңіл-күйім өте тамаша. Себебі, бірінші рет дауыс беруге келіп тұрмын. Дауыс беру әрбір азаматтың міндеті болып саналады.

Ұлттық кітапханада орналасқан №254 сайлау учаскесінде 2005 сайлаушы тіркелсе, азаматтық парызын  өтеуге келгендердің арасында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да болды. «Біз отбасымызбен бірге сайлауға қатысып, Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердік», - дейді танымал әнші.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Мен ойлаймын, осы президенттікке кандидат азаматтардың барлығының негізгі мақсаты - мемлекетті, халықты, біздің өмірімізді жақсарту. Сол үшін барлығы өзінің нақтылы бағдарламасын халыққа жайып салып, осындай-осындай дүние жасаймын деп уәде берді ғой. Енді халық өз таңдауын жасап, ең жақсы бағдарламаны таңдап, соның нәтижесін күтеді. Енді халық таңдаған азамат бүгін жеңеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы