378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 31 сәби дүниеге келді

  • 87
  • UPD: 16:47, 09.06.2019

Маусымның 8-інен 9-ына қараған түні Қызылордадағы перзентханада 31 сәби дүниеге келді.

Оның 13-і қыз, 18-і ұл бала. Құрсақ кеңітіп, ұрпақ өрбіткен сырбойылық аналар жүріп-тұруы қиын болса да, бала-шағасының келешегі кемел, болашағы жарқын болу үшін саяси науқаннан тыс қалмады. Облыстық перинатальді орталық мамандарының қарауындағы 380 ем алушы дауыс беру үшін таңсәріден жабық сайлау учаскесіне асыққан. Ана мен бала орталығының мамандары аяғы ауыр және босанған келіншектердің денсаулығын ұдайы қадағалап тұрды. Жүктілігіне қарамастан сайлау учаскесіне ең бірінші болып келген Ботагөз Құдайбергеноваға нәресте күтіміне қажетті жиынтық сыйға берілді. Жаңақорған ауданының тұрғыны жуырда 5-перзентін бауырына баспақ. Ауыл мектебінде мұғалімдік қызмет атқаратын көп балалы ана ел ертеңі жолында әрбір қазақстандық саяси додаға бейжай қарамай, өз таңдауларын жасау керек деп санайды. 

Ботагөз Құдайбергенова, көп балалы ана:

- Осы сайлауға қатысу үшін келіп отырмыз. Бала-шағамыздың болашағы үшін, өзіміз Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқанымыз үшін осы сайлауға қатысу барлығымыздың міндет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы