383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте отау құрған жас жұбайлар дауыс берді

  • 71
  • UPD: 17:02, 09.06.2019

Шымкенттегі №37 сайлау учаскесіне жаңадан отау құрған жас жұбайлар келіп, өз таңдауларын жасады.

Үйлену тойы алдындағы қарбаласқа қарамастан, олар өздеріне тиісті сайлау орнына келіп дауыс беруді жөн санапты. Үйдің отағасы Мақсат Қабылбаев осыдан 2-3 ай бұрын отбасын құруды жоспарлаған. «Дегенмен бұл күн елдегі сайлау науқанымен тұспа-тұс келгенін кейін білдім. Өмірде мұндай да сәйкестік болады екен ғой», – дейді ол. Мақсаттың ойын жары Камилла Жауылбаева да қостапты. Осылайша екі жас маусымның 9-ы күні заңды түрде некелесті. Отбасы ретінде бұл біздің алғашқы сайлауымыз дейді қала тұрғындары.

Мақсат Қабылбаев, қала тұрғыны:

- 9 маусым енді осындай мейрам күніне түсіп отыр. Тойымыз әрі сайлау күні. Сол уақытымыз аз болса да осы сайлауға келіп, өзіміздің келешек болашағымызға дауыс беріп кетейік дедік. Бұл ұрпағымыз әрі келешегіміз үшін. Сол үшін сайлауға келіңіздер, дауыс беріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы