378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Қоғамдық тәртіпті 10 мың полицей қадағалауда

  • 93
  • UPD: 18:35, 09.06.2019

Сайлауға байланысты Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 мыңнан аса полицей мен ұлттық ұланның сарбазы саяси науқан кезіндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған. Брифинг барысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осылай деді. Айтуынша, елдегі сайлау учаскелерінде саяси процесс бір қалыпта өтіп жатыр. Сайлаушылардан түскен арыз-шағым жоқ. Тек таңғы сағат тоғыз кезінде Арал қаласында құжаты жоқ, ішімдікке масайып алған бір азамат дауыс беретін орында шу шығарыпты.

Хабар 24 телеарнасы