389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халық әртісі Бибігүл Төлегенова өз таңдауын жасады

  • 370
  • UPD: 22:50, 09.06.2019

Алматыда белгілі өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері де президент сайлауына белсенді қатысып жатыр.

Бүгін қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова өз үйінде дауыс берді. Өнер майталманы аздаған сырқатына байланысты бөлімшеге бара алмайтынын алдын ала ескерткен. Сондықтан сайлау учаскесінің өкілдері халық әртісінің үйіне арнайы келіп, бюллетень тапсырды. Әнші жастарға батасын беріп, Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс бергенін айтты.

Бибігүл Төлегенова, ҚР Халық әртісі:

– Құдайға мың шүкір. Елімізде бәрі бар. Біздің еліміз бай мемлекет. Жастарға тілейтінім, қайда жүрсеңдер де жолдарың болсын, елге пайда келтіруге тырысыңдар.

Хабар 24 телеарнасы