382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік байқаушы: Халықтың жоғары белсенділігін байқадық

  • 299
  • UPD: 18:38, 09.06.2019

ТМД елдері бойынша байқаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев сайлау барысын оң бағалады.

Оның айтуынша, дауыс беру учаскелерінде әзірге өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Халықаралық байқаушы сайлаушылардың белсенділігін де айрықша атап өтті. Айта кетейік, ТМД мемлекеттерінен елімізге 432 байқаушы келген.

Сергей Лебедев, ТМД елдері байқаушылар миссиясының басшысы:

– Дауыс беру барысы ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Негізі біз Қазақстанға мамырдың 20-сында келгенбіз. Содан бері сайлау учаскелерінің дайындығын бағамдадық. Енді міне, сындарлы сәтке де куәміз. Оның барысында, халықтың жоғары белсенділігін байқадық.

Хабар 24 телеарнасы