384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аймақтарда «Қоғамдық пікір» институтының жұмысы жалғасуда

  • 86
  • UPD: 18:44, 09.06.2019

Exit-рoll зерттеу нәтижесі түн ауа белгілі болады.

Аймақтарда «Қоғамдық пікір» инстутының жұмысы жалғасуда. Еліміз бойынша 13 мыңнан астам сайлаушыдан сұхбат алу жоспарланған. Сайлау учаскелері алдында жүрген институт өкілдері әрбір бесінші дауыс берушімен сұхбаттасады. Әлеуметтік зерттеу нәтижесін арнамыздағы жаңалықтардың алдағы шығарылымында жариялайтын боламыз.

Айгүл Баймурзинова, «Қоғамдық пікір» институтының өкілі:

– Ақтөбе облысы бойынша 350 адам респондент болады. Біздің интервьерлер таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 7-ге дейін жұмыс істеп жатыр. Шығып жатқан әр бесінші адамнан сұхбат алуда. Қорытындысы бүгін сағат түнгі 12-ден кейін институт басшыларымен жария етіледі.

Хабар 24 телеарнасы