378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Жапониядағы отандастарымыздың 98% өз таңдауын жасады

  • 100
  • UPD: 18:39, 09.06.2019

Дәл қазір Жапония мемлекетінде сайлау учаскелері жабылды.

Токиодағы тілшіміздің ақпаратына сәйкес, ондағы отандастарымыздың 98 проценті өз таңдауын жасап үлгерген. Яғни дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болғандығын айта кетейік. Тәуелсіз байқаушылардың айтуынша, сайлаушылардың және комиссия мүшелерінің тарапынан да ешқандай заң бұзушылық болмаған. Жапониядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Баударбек-Кожатаевтың айтуынша, биылғы сайлау жастардың белсенділігімен ерекшеленіп отыр.

Ерлан Баударбек-Қожатаев ҚР Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Қазақстандағы Жастар жылына орай келер ұрпақтың азаматтық таңдауын жасап, белсенділік танытуы қатты қуантып отыр. Дәл қазір екі азаматтық белсенді біздің учаскемізде бақылаушы ретінде жүр. Менің ойымша, осы тарихи сайлаудың қорытындысы қазақстандық қоғамның бірлігіне айтарлықтай әсер етеді. Қазақстанда әрдайым тұрақтылық болып, еліміз өркендей берсін.

Хабар 24 телеарнасы