389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Рыпакова: Дауыс беру – ел ертеңіне деген жауапкершілік

  • 224
  • UPD: 18:45, 09.06.2019

Шығыс Қазақстан облысында дауыс беру барысы қарқынды жалғасып жатыр.

Ел өміріндегі тарихи маңызы зор шешімді қабылдауға ат салысу – басты міндетіміз дейді өлке жұрты. Сондықтан сайлау учаскелеріне жас та, кәрі де келіп өз таңдауларын жасауда. Облыс орталығы Өскеменде орналасқан 120 сайлау учаскесіне дауыс берушілер толассыз келіп жатыр. Аймақтағы танымал тұлғалар да саяси науқанды үлкен белсенділікпен атқарды. Мәселен, олардың қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Спортшы сайлауға қатысып, дауыс беру, саяси науқаннан шет қалмай белсенділік таныту әркімнің борышы деп санайды.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

– Бүгін мерекелік көңіл күйдемін. Өйткені ел ертеңі үшін маңызды қадам жасалып жатыр. Сайлау балаларымыздың болашағымен тығыз байланысты. Сондықтан Отанын сүйетін әр азамат қандай ауа райында болмасын, учаскеге барып дауыс берулері міндет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы