378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сайлауға 630 байқаушы қатысып жатыр

  • 67
  • UPD: 18:46, 09.06.2019

Алматы облысындағы сайлауға 630 байқаушы және саясаткерлердің 300-ден аса сенімді өкілі қатысып жатыр.

Олар саяси науқанның заңға сай өтуін қадағалайды. Өңірдегі 1040 сайлау учаскесіне 1 млн 400 мыңнан астам адам барып дауыс береді,- деп жоспарланып отыр. Соның басым бөлігі таңертеңнен барып өз таңдауын жасаған. Ал түс ауа сайлаушылар саны саябырлай түсіпті. Дегенмен, тұрғындардың белсенділігі бәсеңдеген жоқ. Үздіксіз келіп, мемлекеттік деңгейдегі маңызды шараға өз үлестерін қосып жатыр.

Ләззат Рахымбекова, байқаушы:

- Таңнан жұмыс атқарылып жатыр. Науқастар өздері келіп, кімге дауыс беретіндерін белгілеп жатыр. Бәрі дұрыс өтіп жатыр. Бәрі дұрыс, нарушение жоқ.

Болатбек Сұлтанов, байқаушы:

- Сайлау бірсыдырғы белсенді өтіп жатыр.Сайлау тәртібі бұзылған жоқ деп есептеймін. Ұсақ түйектерді сайлау комиссиясымен шештік. Әзірге бәрі дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы