389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да сайлау барысы қалай өтіп жатыр?  

  • 162
  • UPD: 18:48, 09.06.2019

Ел болашағына қатысты ең маңызды шараға қатысып, өз таңдауын жасауда батысқазақстандықтар да белсенділік танытып жатыр.

Сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерген. Дегенмен сайлау учаскелерінде әлі де адам қарасы азая қоймаған сияқты. Мәселен, Островский атындағы орыс драма театрының ғимаратындағы нөмірі 447-сайлау учаскесіне түсіру тобымыз барды.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– Сайлауға қатысу – елінің ертеңіне алаңдайтын әр азаматтың парызы десек, өңір тұрғындарының бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып жатқаны рас. Батыс Қазақстан облысында дауыс беру 519 сайлау учаскесінде жүріп жатыр. Бүгін ертелетіп сайлау учаскелеріне қарай ағылған аймақ тұрғындары еш кедергісіз келіп, өз таңдауларын жасауда. Айта керу керек, облыс бойынша 461 468 адам сайлаушы ретінде тізімге енгізілген. Олардың арасында демалыс күнді пайдаланып, қалаға келсе де дауыс беруді ұмытпаған ауылдықтар бар. 

Ғайса Қапақов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сайлау учаскелеріне инватаксилер жұмыс істеп отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– Жалпы сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары екенін айта кеткім келеді. Тек облыс орталығы Орал қаласының өзінде 125 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау барысын жіті назарда ұстап отырған байқаушылардың айтуынша, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы