378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Белсенділік жағынан ақтөбеліктер алда келеді

  • 93
  • UPD: 18:50, 09.06.2019

Сонымен сайлау учаскелеріндегі белсенділік жөнінде тарқатсақ.

Дәл осы сағатқа келіп түскен мәлімет бойынша, Ақтөбе өңірі әлі де алда келеді дедік. Мұнда сайлаушылардың 79,7 проценті дауыс беріп үлгерген. Түс ауа сайлау учаскелеріне Алматы облысының тұрғындары көп барған. Олардың 78,9 проценті өз азаматтық борыштарын орындаған. Жамбыл, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да белсенді. Өзге өңірлердегі көрсеткіштерді картадан көріп отырсыздар. Айта кетейік, орталық сайлау комиссиясы ұсынған ақпарға сәйкес, дауыс беру рәсімі 9 мың 920 сайлау учаскесінде жүріп жатыр. Сондай-ақ шет елдерде 48 сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы