382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында сайлаушылардың 80% өз таңдауын жасады

  • 46
  • UPD: 18:50, 09.06.2019

Қостанай облысында 585 мың 431 сайлаушы тіркелген. Осы сағаттарға дейін солардың 80 проценті өз таңдауларын жасап үлгеріпті.

Қостанайда сайлау қалай өтіп жатыр? Халықтың көңіл-күйі қалай?

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

- Қостанайдағы физика-математикалық лицей ғимаратында тұрмын. Бұл аумақта халық көп шоғырланғандықтан лицей ішінде бір емес, екі сайлау учаскесі орналасқан. Менің байқағаным мұнда мерекелік леп еседі. Тұрғындардың көңілі көтеріңкі, тіпті отбасымен, туыс-туғандарымен топ-топ болып келіп жатқандар да жеткілікті. Алғаш дауыс берушіге, жас сайлаушы, қарт сайлаушыға дайындаған сыйлықтары да бар.

Ал енді сайлау барысына келетін болсақ, мұнда халықтың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгірген. Осы уақытқа дейін қанша адам дауыс бергенін білмек мақсатпен учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Айгүл Әбдіхалықованы сөзге тартқалы тұрмын. Осы сәтке дейін оның қаншасы дауыс берді?

Айгүл Әбдіхалықова, учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы:

- Айта кетелік, бұл жерде байқаушылардың қарасы көп. Жалпы Қостанай облысына Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, ТМД елдерінен өзіміздің саяси партия, қоғамдық ұйым өкілдері барлығы 2,5 мыңнан астам байқаушы тіркеліпті. Олар облыстағы барлық учаскелердегі сайлау барысын жіті қағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы