378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы емдеу орталықтарында 13 сайлау учаскесі жұмыс жасауда

  • 81
  • UPD: 20:40, 09.06.2019

Алматы облысының халқы сайлауға белсене қатысып жатыр.

Бүгін өңірдегі 1 млн 400 мыңнан астам адам дауыс бермек. Тұрғындар үшін 1040 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеп жатыр. Онда таңертеңнен бері сайлаушылар саны толастаған емес. Саяси науқаннан ауруханада жатқан науқастар да қалыс қалған жоқ. Өңірдегі емдеу-сауықтыру орталықтарында 13 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Соның біреуі Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында орналасқан. Осы күні сол мекемедегі 200-ден астам емделуші ем домын үзбей, сыртқа шығып әуре болмай-ақ өз таңдауын жасады. Арбаға таңылған жандар дәрігерлер көмегімен келсе, төсек тартып жатқандарға сайлау комиссиясының өкілдері өздері барды.

Шәйімбөбе Стамбахинова, қала тұрғыны:

– Ауруханада жатқаныма бір апта болды. Бара алмаған соң, осында дауыс бердім.

Сәуле Құсмолданова, №1012 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:

– Бізде алты науқас реанимацияда жатыр. Соларға да жәшікті апарамыз. Олар да дауыс береді.

Хабар 24 телеарнасы