378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан қаласы бойынша 49 аумақтық сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр

  • 88
  • UPD: 20:41, 09.06.2019

Түркістан облысында 889 сайлау бөлімшесі бар.

Онда өз таңдауын жасауға құқығы бар 1 миллион 181 мың 946 адам тіркелген. Облыста 2 ұзақ мерзімдік және 43 қысқа мерзімдік шетелдік байқаушы тіркелген. Олар таңертеңнен бері облыс орталығы мен аудан-қалалардағы және ауылды жердегі учаскелерді аралап, сайлау барысын бақылап жүр. Ал Түркістан қаласы бойынша 49 аумақтық сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Киелі шаһардан бүгінгі саяси науқанға 107 мыңнан астам сайлаушы қатысып, өз таңдауын жасайды деп күтілуде. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет үйінде орналасқан №133 сайлау учаскесінде дауыс беруге құқы бар 2376 сайлаушы тіркелген. Соның 2112-сі – университеттің жатақханасында тұратын студенттер.

Бексұлтан Бекболат, қала тұрғыны:

– Сайлауға отбасыммен келдік. Өз дауысымды қалаған үміткеріме бердім. Ол кісіге сенемін. Жастарға қолдауға көп көрсетіліп жатыр. Жастар орталығы ашылды. Онда жастарға барлық жағдай жасалған. Жастар сайлауға келу керек.

Хабар 24 телеарнасы