389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 535 жас өмірінде алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды

  • 324
  • UPD: 20:42, 09.06.2019

Қызылорда қаласында 535 жас өмірлерінде алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды.

Солардың бірі 18 жастағы Нұржан Бақытжанқызы. Ел болашағы жолындағы маңызды саяси науқанға қатысу жауапкершілігін терең сезіне білген ол бүгін өзі тіркелген №353-і сайлау учаскесіне келіп, ерікті түрде таңдау жасады. Айта кетейік, бұл сайлау учаскесінде барлығы 2 мың 189 сайлаушы тіркелген. Оның 13-і саяси науқанға алғаш рет қатысатындар. Олар үшін сайлау учаскесінде естелік сыйлықтар дайындалған.

Нұржан Бақытжанқызы, қала тұрғыны:

- Менің достарымның арасында 18-ге толған жастар өте көп. Бүгін сайлауға келгенім бірінші рет. Көңіл күйім керемет. Өйткені бұл сайлау мен үшін де біздің еліміздің болашағына өте маңызды. Мен дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы