378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушы: Президенттік сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған

  • 107
  • UPD: 20:47, 09.06.2019

Кезектен тыс президенттік сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Халықаралық құқық нормалары жан-жақты сақталған. Бұл туралы Болгария Парламентінің депутаты Хамид Хамид хабарлады. Шетелдік байқаушы бас шаһардағы нөмірі 58 және 59 сайлау бөлімшелерінде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Оның айтуынша, сайлаушылардың қарасы қалың. Айта кетейік, бүгінгі дода барысын мыңнан астам байқаушы бақылап отыр. Оның жартысына жуығы – ТМД елдерінің өкілдері.

Хамид Хамид, халықаралық байқаушы:

– Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беремін. Осы игі іске жұдырықша жұмылған қызметкерлерді тарихи сәтке атсалысуымен құттықтағым келеді. Еуропа, Азия мен Америкадағы сайлау науқанымен салыстыруға тұрарлық көрсеткіш деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы