384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да сайлау барысын ТМД елдерінен 39 байқаушы назарда ұстап отыр

  • 50
  • UPD: 20:48, 09.06.2019

Батыс Қазақстан облысында сайлаудың өту барысын ТМД елдері миссиясынан 39 байқаушы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ) институтының 2 өкілі бақылауда.

Сонымен қатар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісін партиялар мен қоғамдық бірлестіктер атынан 100-ден аса байқаушы да назарда ұстап отыр. Егер сайлаушы тізімнен өзін таба алмаған жағдайда ол туралы мәліметтер халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бірден нақтыланады.

Вадим Бородин, ТМД байқаушылары миссиясының өкілі:

– Біздің байқауымызша, сайлаудың ұйымдастырылуы өз деңгейінде деп айтуға болады. Біздің тарапымыздан ешқандай ескерту болған жоқ. Өйткені дауыс беру тәртібін өрескел бұзушылық деректерін көрмедік. Адамдарды шақырып, барлығын түсіндіріп жатыр. Ешкімді үгіттеп жатқанын да байқамадық. Сайлау барысын бізден өзге де байқаушылар бақылап отыр. Дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары екені байқалады.

Ағиба Салықова, байқаушы:

– Сайлау учаскесі өзінің тисті уақытында ашылды. Бюллетень тастайтын жәшіктерді біздің көзімізше мөрледі. Ішін бәрін өзіміз көрдік. Кабиналарды көрдік. Бәрі қалыпты жағдайда, ешқандай заңбұзушылық болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы