383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да сайлау науқаны талапқа сай өтуде

  • 79
  • UPD: 20:52, 09.06.2019

Шығыс Қазақстанда сайлау науқанын Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 1 азамат, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 2 және ТМД елдері миссиясынан 20-дан астам адам бақылап жүр.

Оның ішінде көршілес Ресей елінің Алтай өлкесінен келгендер көп көрінеді. Дегенмен прокуратура мен сот орындары берген деректері бойынша дауыс беру барысында заңдылықтардың бұзылғаны жайлы әзірге ешқандай арыз-шағым түспеген. Ал осы маңызды саяси науқанды жергілікті партиялар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан жалпы саны 2559 байқаушы бақылап отыр. Олардың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру талапқа сай өтіп жатыр.

Назгүл Кемелбаева, байқаушы:

– Сырттай бақылап отырмыз, сайлау ережелерге сай өтіп жатыр, тәртіп бұзылған жоқ. Осы жерде қызметкерлердің барлығы ережелердің бәрін сақтап отыр.

Хабар 24 телеарнасы