378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық жастар: Менің дауысым маңызды

  • 85
  • UPD: 20:55, 09.06.2019

«Менің дауысым маңызды». Бүгін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1-курс студенттері таңмен таласа тұрып, алғаш рет дауыс берді.

Оқу орнының мәдениет үйінде орналасқан №133 сайлау бөлімшесінің мамандары оларды жылы қабылдап, көмек көрсетті. Ерте келген 3 студентке сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Дәл осы сайлау бөлімшесінде дауыс беруге құқығы бар 2376 жан тіркелген. Соның 2112-сі – университеттің жатақханасында тұратын студенттер. Олардың арасында алғаш рет дауыс беріп жатқандары өте көп.

Ернар Құдайберген, 1-курс студенті:

– Бүгін – тарихи сәт. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына алғаш рет қатысып тұрмын. Жақсы көңіл күймен таңертең ерте келдім. Өз дауысымды бердім. Өзгелерді де сайлауға келуге шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы