378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгиядағы сайлау учаскелерінде ұлттық тағамдардан дастархан жайылды

  • 79
Бельгиядағы сайлау учаскелерінде ұлттық тағамдардан дастархан жайылды

Осыдан шамамен 5 сағат бұрын Бельгиядағы азаматтарымыз дауыс бере бастады.

Нөмірі 241-сайлау учаскесі Брюссельдегі Қазақстан елшілігінде орналасқан. Бұл елде оқып жүрген студенттеріміз, дипломаттарымыз бен олардың туыстары және Бельгия мен Люксембургте тұрып жатқан отандастарымыз сағат таңғы жетіден бастап осында келе бастады. Елшілік сайлау күніне жақсы дайындалып, ұлттық тағамдарымыздан дастархан жайған. Бұл күні осы сайлау орнында жүзден астам адам дауыс береді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы