379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


95 жастағы елордалық майдангер өз таңдауын жасады

  • 134
  • UPD: 22:03, 09.06.2019

Елорда тұрғыны 95 жастағы қарт майдангер Казис Жолдыбаев та өз таңдауын жасады.

Ардагердің үйіне нөмері 50-ші сайлау учаскесінің мүшелері жылжымалы жәшікпен барды. Казис Жолдыбаев 1943 жылдан бастап соғыстың соңына дейін Байкал жағалауы майданындағы 298 атқыштар дивизиясының құрамында болған. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жапон соғысына да қатысқан. Елге келген соң соң ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында қызмет етті. Қарт жауынгер өз өмірінде ешбір сайлаудан қалыс қалмағанын айтып, тілегін білдірді.

Казис Жолдыбаев, соғыс ардагері:

-Халыққа тілейтінім, ғұмыр жастары ұзақ болсын, қызметтері өсе берсін.

Индира Зәкәриянова, №50 сайлау учаскесінің мүшесі:

- Бүгін біздің 50-сайлау учаскесінің мүшелері үш үйге бардық. оның ішінде соғыс ардагерлері, мүгедек жандар, бізге өтініш бойынша біз сол кісілердің үйіне барып, дауыс беру қызметін атқардық. 0041 Біздің сайлау учаскесіне жалпы 3 мың 500-ге жуық адам тіркелген. Әлі сайлау жалғасуда. Осы сайлауға келген, үйге берген дауыстардың барлығы саналады. Кешке жақын нәтижесін айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы