384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық ұстаздар сайлауда белсенділік танытты

  • 52
Алматылық ұстаздар сайлауда белсенділік танытты

Еліміздің ағарту ісіне ерең еңбегі сіңген ұстаздар қауымы да бүгінгі сайлауда белсенділік танытты.

Алматы қаласындағы №372 сайлау учаскесінде Мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаева, Еңбек Ері Аягүл Миразова және мемлекет қайраткері Азат Перуашев дауыс берді. Қала орталығында орналасқан бұл сайлау учаскесінде тізім бойынша 2280 сайлаушы бекітілген болса, соның 13-і үйден дауыс беру туралы өтініш тастаған. Таңғы жетіден бастап электораттарды қабылдаған сайлау учаскесінде дәл қазіргі уақытта 400-ден астам адам дауыс берген.

Шәмшә Беркімбаева, мемлекет және қоғам қайраткері:

– Бұл – шынында біздің өміріміздегі ерекше жағдай. Себебі мемлекет басына кім келеді, ол қалай басқарады, қандай мәселелерді шешеді, қандай өзгерістер болады деген көптеген сұрақ Қазақстан азаматтарын мазалайтыны рас. Сондықтан да біз өзіміздің таңдауымызды дұрыс жасауымыз керек.

Аягүл Миразова, ҚР еңбек ері:

– Бақытты ұрпақ өсіп шығу үшін, тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін сайлаудың ерекшелігі зор. Соған ие болатын, елді бастайтын, басқаратын мықты басшыны сайлау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бұл біздің парызымыз деп түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы