382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында саяси науқанды жастардың ұйымдары қадағалап отыр

  • 57
  • UPD: 22:08, 09.06.2019

Атырау облысында саяси науқанды жастардың қоғамдық ұйымдары да жіті бақылап отыр.

Сайлау заңнамалары мен халықаралық талаптардың сақталуы басты назарда.  Қазір қала-аудан аумақтарындағы байқаушылар өз өкілеттілігіне сәйкес жұмыстарын жалғастыруда. Солардың бірі республика бойынша 10 мыңға жуық өкілі бар «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу платформасы. 730-ға тарта қоғамдық бірлестіктің басын қосқан ұйым құрамындағылардың 80 проценті жастар. 

 Дәурен Сейітқалиев, «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу платформасының Атыраудағы өкілі:

- Қазіргі таңда Атырау облысында үлкен дерек болатындай құқық бұзушылық жоқ. Егер болып жатса сәл ғана ескертулер болып жартыр. Ескерту болғаннан кейін сол жерде комиссия төрағалары дұрыс жолға қойып, ескертуді дұрыс қабылдап жатыр. Үлкен бір, алып бара жатқандай заң бұзушылық жоқ Атырау облысында.

Хабар 24 телеарнасы