379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар назардан тыс қалған жоқ

  • 71
  • UPD: 22:15, 09.06.2019

Учаскелік сайлау комиссияларының жабылуына аз ғана уақыт қалды.

Бүгін Алматыда 554 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Ірі шаһар болғандықтан, мұнда бір учаске 3 мыңға дейін адамды қабылдауға лайықты етіп жасалды. Қалалық әкімдіктің ресми сайтынан Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы әр азамат өзін сайлаушылар тізімінен тауып, қай жерде дауыс беретіні туралы толық мағлұмат алды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалған жоқ. Олардың ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуына жағдай жасалып, арнайы дауыс беру кабиналары қойылды. Бүгінгі сайлаудың ашықтығын қадағалау үшін Алматыда 80-нен астам шетелдік байқаушы болды. Сондай-ақ 100-ден астам отандық байқаушы мен кандидаттардың сенімді өкілдері де дауыс беру барысын бақылады. Олардың айтуынша, әзірге сайлау барысында ешқандай өрескел заң бұзушылық байқалмаған. Қазір санаулы минуттардан кейін сайлау уческелері жабылып, бюллетеньдерді санау басталады.

Хабар 24 телеарнасы