389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы Қазақстан азаматтары конституциялық сайлау құқығын белсенді пайдалануда

  • 377
  • UPD: 23:01, 09.06.2019

Дәм тартып, шетте жүрген ағайынға да өз таңдауын жасауға мүмкіндік бар.

Бұл күні әлемнің 51 мемлекетінде 65 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның бірі – Киевте. Учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы – Абылайхан Бөгенбайұлы «Украинадағы отандастарымыздың белсенділігі жоғары», – дейді. Өзінің заңды құқығын пайдаланғандардың бірі – 82 жастағы Виктор Овчинников. «Мен үшін сайлау – үлкен мереке», – дейді қазақстандық қария.

Абылайхан Бөгенбайұлы, №268 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы:

– Қазақстан Республикасының елшілігі ғимараты жанында құрылған нөмірі 268 сайлау учаскесі сағат жетіден бастап ашылып, жұмысын бастады. Жалпы Украинада тіркелген Қазақстан азаматтары өзінің конституциялық сайлау құқығын өте белсенді пайдалануда. Себебі Киев қаласының уақыты бойынша сағат он бірге сәйкес, сайлаушылардың яғни қатысушылардың саны қырық пайызға дейін жетті. Бәрі де қалыпты, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатыр.

Виктор Овчинников, Украинада тұрып жатқан Қазақстан азаматы:

– Мерекелік көңіл күймен келіп, дауысымды бердім. Өзімнің қазақстандық екенімді мақтан тұтамын. Менің дауысым елім үшін маңызды деп және елімнің саяси өміріне ықпалы бар деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы