382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарадағы сайлау жоғары деңгейде өтуде

  • 119
  • UPD: 01:37, 10.06.2019

Түркиядағы қазақстандықтар бүгін сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Осы елдегі елшіліктің мәлімдеуінше, Анадолы төрінде дауыс беруге құқы бар екі мыңнан астам адам тіркелген.

Олар Анкара, Ыстамбұл және Анталияда құрылған үш сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қазақстанда сайлау аяқталды. Алайда батыс елдерінде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі жалғасып жатыр. Анкарада ашылған нөмірі 286-сайлау орталығында ел астанасында өмір сүретін азаматтарымызбен қатар саяхаттап келген отандастарымыз да бар. Солардың қатарында Сәуле Дәрібай мен Назгүл Жолдыбай бар. Азаматтық борышын өтеу үшін алдын ала орталық сайлау комиссиясынан Анкарадағы дауыс беру орталығына арнайы барды.

Сәуле Дәуірбай, Тараз тұрғыны:

– Менің Түркияға келгеніме бір жарым ай болды. Тараздан келдім. Сайлау өте маңызды. Қазақстанның болашағы үшін дауыс беріп отырмын.

Назгүл Жолдыбай, Алматы тұрғыны:

– Біз Алматы облысынан келіп отырмыз. Кеше Түркияға келгенбіз. Сайлау күніне сәйкес келгендіктен, дауыс беруге шешім қабылдадық. Қазақстанның болашағы біз үшін өте маңызды. Сол үшін елшілікке келіп, дауыс беріп отырмыз.

Жалпы Түркиядағы қазақстандықтар бұл сайлауда белсенділік танытты. Елде 3 қалада сайлау учаскелері ашылғандықтан, шалғай қаладағылар бір күн бұрын дауыс беру арнайы жолға шыққан.

Тілепберген Алламжарұлы, студент:

– 300 шақырым қашықтыққа қарамай, арнайы дауыс беру үшін келуімнің себебі, әр мемлекеттегі президенттік сайлау әр азаматтың тағдырын шешетін мүмкіндік. Осы мүмкіндікті біз қолымыздан келгенше пайдалануымыз керек.

Анкарадағы елшілігіміз сайлау күніне жақсы дайындалған. Басқа қалалардан келген сайлаушыларға арнайы дастархан жайып, еліміз үшін маңызды оқиғаны демократиялық мерекеге айналдырды.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Гөкальп Йамен

Хабар 24 телеарнасы