384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау заңын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік жүктелді

  • 114
  • UPD: 00:50, 10.06.2019

Бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Атырау, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сайлау заңын бұзудың 19 дерегі тіркелді.

Прокуратура өкілдері берген мәлімет осындай. Қадағалаушы орган рұқсатсыз үгіт-насихат жүргізгендерге бірнеше бюллетень таратып, екі не одан да көп учаскеде дауыс бергендерге қатысты жиын саны 18 әкімшілік іс қозғаған.

Болат Дембаев, ҚР бас прокуроры:

– Бірнеше бюллетень беру дерегіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 110-бабы бойынша 12, екі не одан да көп дауыс бергені үшін 6 іс қозғалды. Барлық материалдар сотқа тапсырылды. Осы олқылыққа жол берген сайлау комиссиясының мүшелері тікелей міндетінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы