384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дауыс санау барысында қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді

  • 346
  • UPD: 00:51, 10.06.2019

Сайлау күні көшелер мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 19 мың полиция қызметкері жұмылдырылды.

Сайлау бөлімшелері ресми түрде жабылғанымен, дауыс санау кезінде де қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Ішкі істер бөлімдеріне Алматы мен елордада өткен заңсыз шерулерге қатысқан 500 азамат жеткізілген. Тәртіп сақшылары бас шаһардағы Жастар сарайы алдында бір топ азамат жиналып, Республика даңғылында қолдан көлік кептелісін тудырды, – дейді.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

– Араңдатушылар мен белсенді қатысушылардың әрекеттеріне жақын уақытта заңды баға беріледі. Полицияның әрекеттері туралы айтатын болсақ, барлық іс шара заңға сәйкес жүргізілді. Құқық бұзушылардың ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы