379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде 8 мыңнан астам қазақстандық дауыс берген

  • 79
  • UPD: 03:08, 10.06.2019
Шетелде 8 мыңнан астам қазақстандық дауыс берген

Шетте жүрген ағайынға да өз таңдауын жасауға мүмкіндік бар.

Бұл күні әлемнің 51 мемлекетінде 65 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Ал елорда уақытымен 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 8 мыңнан астам қазақстандық дауыс берген. Бұл – елшілікке алдын ала тіркелген жерлестеріміздің 54,2 проценті. Сырт елдерде сайлауды ұйымдастыру бойынша Сыртқы істер министрлігінде арнайы штаб құрылған. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Жалпы өзге елдерде дауыс беру процесі тыныш өтіп жатыр. Ондағы сайлау заңнамасының сақталуын 35 байқаушы қадағалауда.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Сайлаудың аяқталуына санаулы минуттар қалды. Сайлау бөлімшелері сағат 20-00-де, ал еліміздің батыс өңірлерінде уақыт айырмашылығына байланысты бір сағаттан кейін жабылады. Алдын ала қорытынды жариялау әлі ерте. Өйткені дауыс беру нәтижесі сағат сайын өзгеріп отыр. Бұл науқанды әлемнің 40 елінен 200-ден астам тілші жариялап келеді. Елде мыңнан астам бақылаушы қызмет етуде.

Хабар 24 телеарнасы