389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде 400-ден астам қазақстандық дауыс беруге ниет білдірген

  • 225
  • UPD: 00:54, 10.06.2019

Минскідегі сайлау учаскесі де таңғы 7-де ашылды.

Бұл жерде шамамен 400-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасайды деген есеп бар. Дені – осы елде білім жүрген жастар мен қызмет бабымен жүрген отандастарымыз. Сайлауға алғаш рет қатысып отырған жастарды елшілікте құрметпен қарсы алды. Беларусьтегі елшіміз Ермұхамет Ертісбаев оларға сыйлықтар табыс етті.

Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстанның Беларусьтегі төтенші және өкілетті елшісі:

– Сайлауға деген қызығушылық үлкен. Қазақстанның көптеген азаматы алдын ала тіркелді. Өздеріңіз көріп отырғандай, азаматтардың өз еркін білдіру үшін барлық жағдай жасалған.

Вячеслав Кузнецов, Қазақстан азаматы:

– Сайлауға қатысып, әр азамат өз елінің болашағына деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Беларусь елінде оқып жүрген студенттер бүгін азаматтық парызын орындады.

Хабар 24 телеарнасы