383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда тіркелген 216 қазақстандық өз таңдауын жасады

  • 65
  • UPD: 01:05, 10.06.2019

Қырғыз еліндегі тұрақты елшілік есебінде 216 адам бар екен.

Олардың барлығы жергілікті уақыт бойынша 19:00-ге дейін дауыс беріп үлгерген. 

Қайрат Маматов, ТМД елдері атынан бақылаушы:

– Сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтіп жатыр. Сайлау учаскесі де, дауыс берушілердің тізімі де ресми тіркелген. Таңертеңнен бастап сайлаушылардың легі белсенді болды. Байқаушылар тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы