378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысы сайлауда белсенділік бойынша үздік бестікке енді

  • 90
  • UPD: 01:52, 10.06.2019

Сайлаушылардың белсенділігі бойынша Қостанай облысы үздік бестікке енді.

Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде дауыс беру құқына ие азаматтардың 80 проценттен астамы өз таңдауын жасаған.

Байқаушылар да Тобыл өңірінде сайлау әділ өтті деп отыр.

Аманжол Баймұхамбетов үшін биылғы сайлаудың орны ерекше. Өйткені саяси шара оның туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мерейтой иесінің жұмысы қауырт болса да, бірінші кезекте дауыс беру маңызды деп санапты. Сайлау комиссиясы Аманжол Баймұхамбетов үшін айтулы күнді елеусіз қалдырмай, сый-сияпат жасады.

Бұл жолғы сайлау байқаушылардың көптігімен де ерекшеленді. Бір ғана Қостанай облысында дауыс беру барысын 2,5 мыңнан астам түрлі халықаралық ұйым, саяси партия, қоғамдық бірлестік өкілдері қалт жібермей қадағалап отырды.

Дмитрий Семёнов, халықаралық байқаушы:

– Менің өзім ешқандай заң бұзушылықты байқаған жоқпын. Қазақстандық, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды да назардан тыс қалдырмауға тырыстық. Себебі мен өз тәжірибемде қандай да бір учаскеде заң бұзушылық болғандығын естісем, бірден сол жерге барамын. 

Қостанай облысында барлығы 782 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тіркеуге алынған 600 мыңға жуық адамның 80 проценттен астамы дауыс берді. Және бір айта кететін жайт, 37 мың жас сайлаушы алғаш рет осы саяси шарада өз таңдауларын жасады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мухамедияров

Хабар 24 телеарнасы