386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында сайлауды 43 шетелдік байқаушы қадағалады

  • 266
  • UPD: 01:06, 10.06.2019

Өз елімізде де сайлаушылар белсенділік танытты. Түркістан облысындағы саяси науқанды шетелден келген 43 байқаушы қадағалады.

Іргелес Өзбекстанның өзінен аймаққа 34 байқаушы келген. Жалпы шетелдік байқаушылардың 2-уі ұзақ, 41-і қысқа мерзімге тіркелген. Олар күн бойы облыс орталығы мен аудан-қалалардағы және ауылды жердегі учаскелерді аралап, сайлау барысын жіті бақылады. Жалпы облыста 889 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Онда өз таңдауын жасауға құқығы бар 1 миллион 181 мың 946 адам дауыс берді. 

 Алтынбек Мамаюсупов, Түркітілдес мемлекеттер парламентінің Бас хатшысы:

- Біз мұндағы жұмысты 7 маусымда бастаған болатынбыз. Бұған дейін біз Нұр-Сұлтан қаласында болып, орталық сайлау орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездестік. Жалпы мәлімет алдық, дайындықпен таныстық. Бүгін сайлау учаскелерін араладық. Әзірге ешқандай заң бұзушылық байқамадық. ​

Суяржон Курбанкулов, Өзбекстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Өзбекстаннан ​жалпы саны 54 сайлаушы келдік. Олардың ішінде ТМД-дан шақыртылған, Шанхай ынтымақтастық ұйымыннан және Парламент ассамблеясы құрамынан келген байқаушылар бар. Ең бастысы, соның 34-і осы Түркістан өңірінде жүрміз. Барлығын көріп жатырмыз. Жақсы дайындалған. Халықтың белсенділігі де жоғары. Бұйыртса халық өз таңдауын жасап, лайықты үміткерді таңдайды деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы