383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өз сауалнамасының нәтижелерін жариялады

  • 132
  • UPD: 02:24, 10.06.2019

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы да жүргізген өз сауалнамасының нәтижелерін жариялады.

Айырмашылық көп емес. Орталықтың алдын ала есебі бойынша, президенттің кезектен тыс сайлауы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады. Оған сайлаушылардың 69,94 проценті дауыс берген. Сайлаушылардың 3,06 проценті Жамбыл Ахметбековке, 4,78 проценті Дания Еспаеваға, 14,96 проценті Әміржан Қосановқа, 2,71 проценті Төлеутай Рахымбековке, 2,63 проценті Амангелді Таспиховқа, 1,92 проценті Сәді-Бек Түгелге дауыс берген. «Жастар» орталығының басшысының айтуынша, Exit poll бүгін таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған. Жалпы республика бойынша сауалнамаға 300 сайлау учаскесінде 12 мың сайлаушы қатысты.

Хабар 24 телеарнасы