384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау кезінде бюллетендерді топтап салу бойынша 8 оқиға тіркелді

  • 141
  • UPD: 01:20, 10.06.2019
Сайлау кезінде бюллетендерді топтап салу бойынша 8 оқиға тіркелді

«Аманат» азаматтық платформасының өкілдері дауыс беру барысында 18 заңбұзушылықты анықтаған.

Сайлау кезінде бюллетендерді топтап салу бойынша 8 оқиға тіркелді. Мұндай өрескелдіктер Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында болды. Атап айтсақ, бір кабинаға бірнеше адам кіріп, төлқұжатсыз бюллетень талап еткендер кездескен. Заңбұзушылықтар дер кезінде анықталды. Тиісті акті жасалды.

Әкім Тұрсын, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

– Кейбір бақылаушылардың өзінде де сайлау процесіне араласып, түрлі кедергілер жасаған сәттер болды. Барлығы тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы