380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аманкелді Таспихов exit poll нәтижесімен келісетінін айтты

  • 102
  • UPD: 02:29, 10.06.2019

Президенттікке Кәсіподақтар федерациясы атынан ұсынылған Аманкелді Таспихов  алдын ала есеп бойынша сайлаушылардың 1,41% дауысын жинады, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.

Ол саяси науқанның қорытындысын  Нұр-Сұлтан қаласындағы  сайлауалды  республикалық  қоғамдық штабында сенімді өкілдері және кәсіподақ ұйымының белсенділерімен бірге білді.

Сайлау кампаниясы кезінде Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасын  халыққа таныстыру үшін  2 мыңға жуық сенімді өкілі  жұмыс істеді. Әрбір аймақта аз дегенде 20-30 іс-шара өтті. Аманкелді Таспихов кезектен тыс президенттік сайлаудың алдын ала жарияланған нәтижесімен келісетінін айтты.

Аманкелді Таспихов, БҚО Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

- Қазақстан халқының таңдауы осылай болды. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлына 70% астам дауыс берген. Сондықтан сол саясатты қолдағанын көрсетіп отыр. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ деп есептейміз. Ашық, жариялы түрде жүрді. Ешкім ешқандай кедергі келтірген жоқ. Қолымыздан келгенше сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Халықтың қалауы солай болып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Президенті болуымен құттықтаймын. Сәттілік тілеймін. Осы бастаған жұмысына аяғына жеткізсін!

Хабар 24 телеарнасы