378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиядағы Қазақстан азаматтары сайлауда белсенділік танытты

  • 108
  • UPD: 02:35, 10.06.2019

Грузияда Қазақстан азаматтары дауыс беріп болды.

Тбилисидегі Қазақстан елшілігінде ашылған №277 сайлау учаскесінде жүздеген сайлаушы өз таңдауын жасады.

Темірлан Кадажанов, турист /Қазақстан/

– Қазір мен Грузияда турист ретінде жүрмін. Өзімнің азаматтық ұстанымымды білдіру үшін дауыс беруге келдім.

Гүлмира Сұлтанали, №277 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:

– Учаскемізде 112 адам тіркелген. Олардың арасында елшілік пен осындағы қазақстандық компаниялардың қызметкерлері, сонымен қатар Грузияда уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары да бар. Барлығы да белсенділік танытып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы