378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәді-Бек Түгел: Сайлау әділ өтті

  • 148
  • UPD: 02:30, 10.06.2019

«Қоғамдық пікір» институты exit poll нәтижесін жариялады. Саяси додада «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәді-Бек Түгел 0,86 процент дауыс жинады.

Сәді-Бек Түгел жетеуден жүйрік шықпаса да, қоғамдық бірлестіктің ұстанымын жұртшылыққа жеткізгендігін айтады. Әрі үгіт-насихат жұмыстары барысындағы бастамаларын жүзеге асыруға ынталы. «Ең бастысы, сайлау әділ өтті. Тарихи маңызды сәтте халық белсенділік танытып, төл таңдауын жасады», - дейді ол.

Сәді-Бек Түгел, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы:

- «Нағыз жүйрік аламанда танылар» деп, бүгін мынау exit poll нәтижесі бойынша біздің бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен жеңіске ие болып отыр. Шын жүректен Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтаймын. Өте орынды, таза жеңіс. Жалпы биылғы сайлау жоғары деңгейде өтті. Ашық, әділ, ұйымдасқан түрде.

Хабар 24 телеарнасы