379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар әлемнің әр қиырынан өз таңдауын жасады

  • 251
  • UPD: 02:01, 10.06.2019

Арменияда елшілігінде сайлау учаскесі жұмыс істеді. Бұл елдегі консулдық есепте 22 азаматымыз тұрақты негізде, тағы 80 адам уақытша тіркелген, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.

Тимур Оразаев, Қазақстанның Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Осы уақыт аралығында елшілігімізде тіркелген сайлаушылардың  шамамен жартысы дауыс беріп үлгерді. Мұнда тұратын немесе бұл күндері Арменияға сапарлап  келген азаматтарымыз тіркелді. Олардың саны 120-дан астам.

Сайлау учаскесі байқаушылар мен президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдері үшін де ашық. Жалпы, жолы түсіп, таңдауын Ереванда жасаған отандастарымыз аз емес. Олардың қатарында Алматы тұрғыны Аида Айдарқулова мен ақтөбелік Татев Гиноян да бар.

Аида Айдарқұлова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазір қызмет бабымен Ереванға келгенмін, үш күн болды. Дәл осы қызмет іссапарына сайлау күні тұспа-түс келіп қалыпты, сондықтан Алматыдан өзімнің құжаттарымның барлығын алып, осы жерге азаматтық құқығымды, саяси құқығымды жүзеге асыруға келіп отырмын. 

Татев Гиноян, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Тұратын жерім Ақтөбе қаласынан алыста болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының президенті болуға лайық үміткер үшін дауыс беруге тиіспін деп санап, осы жерге арнайы  келдім.

Хабар 24 телеарнасы