389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңгерлер: Сайлаушылардың құқықтық сауаттылығы артқан

  • 204
  • UPD: 09:45, 10.06.2019

Ел азаматтарының құқықтық сауаттылығы бұрынғы сайлау кезеңімен салыстырғанда әжептәуір артқаны байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстандағы заңгерлер қауымдастығының мамандары мәлімдеді. «Азаматтарымыз өз құқығы жайлы сауатты сұрақтар қойып, президент сайлауы қарсаңында белсенділік танытты. Оларға «Заңгерлер әділ сайлау үшін» қоғамдық бірлестігі тарапынан заңнамалық түсініктемелер берілді. Соның арқасында саяси науқанның ашық өтуіне өз үлесімізді қостық» - дейді қоғамдық ұйым өкілдері.

Бірлестік төрағасы Серік Ақылбайдың айтуынша, үш мыңға жуық заңгер еліміздің 17 өңіріндегі сайлау учаскелерінде бақылау жүргізген. Кейбір аймақтарда азаматтар өздерін сайлаушылар тізімінен таба алмаған жағдайлар кездесті. Алайда ол техникалық сипаттағы себептерден туындаған. Енді бірлестік президенттік сайлауға қатысты қорытынды отырыста заңнаманы жетілдіру жағын қарастырмақ.  

Серік Ақылбай, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» РҚБ төрағасы:

- Құқықтық сауаттылықты арттырудың арқасында біз сайлаушылардың сауаттылығын арттырып, сайлаудың әділ, ашық өтуіне өзіміздің үлесімізді қосып отырмыз деп санаймыз. 13 маусым біздің қоғамдастық үлкен дөңгелек үстел өткізеді. Осы сайлау барысында заңдардың ішіндегі бір-біріне болған қарама-қайшылықтар, кейбір заңмен қамтылмаған түсініктемелер бар. Солардың бәрін жөндеп, Парламентке ұсыныс жасайтын ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы