389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастардың белсенділігі шетелдік байқаушыларды таңқалдырды

  • 238
  • UPD: 10:17, 10.06.2019

«Сайлаушылардың көптеп келуіне қарап, Қазақстан халқының өз болашақтарына бей-жай қарамайтындарын аңғаруға болады», - деді Румыниядан келген байқаушылар.

Адам құқығын қорғау ұйымының кеңесшісі Рареш Триф шетелден келген және отандық байқаушылардың көптігі сайлаудың әділ өтіп жатқанын байқатады десе, Жерорта теңізі Парламенті ассамблеясының елшісі Йонас-Флорина Уркан сайлауға жастардың белсене қатысуын ерекше атап өтті.

Йонас-Флорина Уркан, байқаушы (Румыния):

Таңертеден бері біз бірнеше сайлау учаскелерінде болдық. Сонда, 40-50 адамның кезекте тұрып, дауыс беруге деген белсенділігін көріп таң қалдық. Әсіресе, жастар көп. Бұл дегеніңіз  жастардың жауапкершілікті сезініп, өз таңдауларын жасауға  берілген мүмкіндікті  тиімді пайдалана білгендерін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы