389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушылар: Сайлауда өрескел заң бұзушылық болған жоқ

  • 246
  • UPD: 08:27, 10.06.2019
Халықаралық байқаушылар: Сайлауда өрескел заң бұзушылық болған жоқ

Алматыда кезектен тыс президент сайлауын бақылауға келген халықаралық топтың мүшесі Ричард Вайтц БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қаладағы бірқатар сайлау учаскелерінде болған. Шетелдік байқаушы маманның пікірінше, сайлау қалыпты жағдайда өтті. Өзі болған сайлау бөлімшелерінде өрескел заң бұзушылықтарды байқамағандығын айтты.

Ричард Вайтц , халықаралық байқаушы (АҚШ):

Бұл науқанда жергілікті және шетелдік байқаушылардың көптігіне назар аудардым. Мысалы, АҚШ та шетелдік байқаушылар деген атымен жоқ. Жалпы сайлау ашық өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы