378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саяси науқан кен алаңдарында ұйымшылдықпен өтті

  • 100
  • UPD: 08:39, 10.06.2019
Саяси науқан кен алаңдарында ұйымшылдықпен өтті

Еліміз үшін аса маңызды саяси шарада Атырау мұнайшылары белсенділік танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау күні «Қашаған» кен алаңында жұмыс істеп жатқан мұнайшылар үшін арнайы жұмыс кестесі жасақталып, транспорттар бөлінді. Саяси науқанда «Болашақ» мұнай дайындау зауытында және Каспий қайраңындағы жасанды аралдарда вахталық әдіспен жұмыста жүргендер толықтай қамтылды. «Самал» жұмысшылар кентінде 2200-ден астам, «Қашағанда» 594 мұнайшы дауыс берді. Стратегиялық маңызы бар жобадағы жұмыс ырғағына нұқсан келмесі үшін Каспий теңізіндегі сайлаушылар үшін арнайы тікұшақ ұйымдастырылды.

Динара Қойбалдиева, мұнай компаниясының менеджері:

- Бұл өте маңызды күн мен үшін. Мен өз даусымды еліміздің өркендеуіне, болашағына, бала-шағамыздың болашағына, еліміздің тыныштығына бердім.

Хабар 24 телеарнасы