384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау комиссиясының дайындығы жоғары - шетелдік байқаушылар

  • 62
  • UPD: 08:57, 10.06.2019
Сайлау комиссиясының дайындығы жоғары - шетелдік байқаушылар

Шетелдік байқаушылар Қызылорда облысындағы сайлау комиссиясының дайындығына жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі дауыс беруге құқылы 500 мыңға жуық адам тіркелген 366 сайлау учаскесінде байқаушыларға кедергісіз алаң жасақталған. Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған 2 мыңдай байқаушы сайлау барысында заң бұзушылықтар анықталмағанын айтады. Шетелдік байқаушылар саяси науқанда ақпараттық технологиялардың тиімді қолданылғанын атап өтті.

Владимир Писарюк, ТМД миссиясының байқаушысы:

- Ақпараттық база өте мықты. Әрбір сайлау учаскесінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерінің телефон нөмірлері жазылған. Егер қандайда бір сұрақ туындай қалса, кез келген сайлаушы тікелей қоңырау шала алады. Сондай-ақ онлайн режимдегі ақпараттық сервистің жасақталуы да сайлау учаскесін дереу анықтап, тұрғындардың сабылып жүрмеуіне септігін тигізді.

Хабар 24 телеарнасы