379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германиядағы қазақстандықтар сайлауда белсенділік танытты

  • 81
  • UPD: 11:49, 10.06.2019

Берлиндегі N247 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің саны 100% құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы президенттік сайлауға 145 отандасымыз қатысқан. Олардың қатарында Германияда қызметпен жүргендер мен студенттер, сондай-ақ дипломаттар мен олардың отбасылары бар.

Айта кетейік, дауыс беру пунткінің қашық болғанына қарамастан, Дрезден, Лейпциг, Ганновер тіпті Мюнхеннен келген сайлаушылардың да қарасы қалың болды. Бұған қоса, Германияда жарысқа қатысып жатқан қазақстандық паралимпиадашылар да өз таңдауларын жасады. Спортшылар ешбір кедергісіз дауыс берулері үшін оларға жылжымалы дауыс беру жәшігі жеткізілді.

Ерболат Сейлеханов, Берлиндегі сайлау комиссиясының төрағасы:

- Германияда өмір сүріп жатқан немесе демалуға келген қазақстандықтар жоғары белсенділік танытты. Орталық сайлау комиссиясы жіберген 145 бюллетеньнің барлығы дерлік сағат 17.00-де бітті.

Марина Рухов, сайлаушы:

- Осыдан бірнеше апта бұрын елшіліктен қоңырау шалып, сайлауға шақырды. Мен оған міндетті түрде қатысатынымды айттым. Себебі халқымның болашақ тағдырына бейжай қарай алмаймын. Жалпы біз сайлауға қатысып, өзіміздің азаматтық борышымызды білдіруге міндеттіміз деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы