388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Енді елімізде саяси реформалар басталуы мүмкін

  • 487
  • UPD: 15:02, 10.06.2019

Кезектен тыс перзидент сайлауы халықаралық стандарттарға сәйкес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елімізде саяси реформалар басталуы мүмкін. Елордаға сайлау қорытындысы мен маңызын талқылауға келген сарапшылардың пікірі осындай. Олар республика тұрғындарының саяси сауаттылы артқанын сондықтан елімзде болып жатқан ахуалға бей-жай қарамайтынын айтты. Мәселен сайлауға халықтың басым көпшілігі келіп, өз таңдауын жасады. Бұл дегеніміз үлкен жауапкершілікті білідіреді, - деді сарапшылар.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Демократиялық прецестер өзінің үрдісін тапты. Осы сайлау біздің еліміздің тарихындағы демократиялық тұрғыда өткен сайлаулардың бірегейі деп айтуға болады. Сонымен бірге қоғамның саяси күш-жігері, саяси санасы өскен.  Осы сайлауда біздің еліміз, біздің қоғам кейбір мемлекеттер он жылда өтетін саяси мәдениеттің жоғарылау процесінен өтті деп айтуға толық негіз бар.

Жаңа билік өз саясатын халықпен кеңесе отырып жүргізуі керек. Мұнымен қоса, елдің экономикасын әртараптандыруға басымдық беруі маңызды. Сонда ғана оның жұмысы алға басып, билік ауысуының сәтті жүзеге асқаны дәлелденеді. Мұндай пікірді дөңгелек үстелге қатысқа саясаттанушы Айдос Сарым білдірді

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Ең басты бір байқаған ерекшелігіміз сайлау учаскелеріндегі бақылаушылар халық отырған жерде, бақылаушылар табанды болған кезде ешқандай да шектен шыққан заң бұзу немесе процедураларды бұзу болған жоқ. Бұл сайлауды біріншіден Қазақстанның қоғамының мойындауы, екіншіден әлемдік қауымдастықтардың мойындауы. Осы екі мәселе егер тоғысатын болса, онда болашақтағы үлкен саяси науқандарға жол ашылады.

Хабар 24 телеарнасы