389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында тұрғындардың дауыс беруін 23 шетелдік байқаушы бақылады

  • 208
  • UPD: 13:41, 10.06.2019
Маңғыстау облысында тұрғындардың дауыс беруін 23 шетелдік байқаушы бақылады

Президент сайлауының Маңғыстау өңірінде заң аясында өтуін шетелден келген 23 байқаушы бақылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ТМД байқаушылар миссиясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері. Дені еліміздегі кезекті сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Олар Ақтаудан бөлек екі қала мен бес ауданға барып, сайлау учаскелерін аралап келді. «Еліміздегі саяси шараға әлем мемлекеттерінен байқаушылардың қатысуы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне кепілдік береді. Біз жұмысқа кіріспес бұрын Қазақстанның Сайлау туралы заңымен танысып шықтық» - дейді олар.

Алексей Айдин, ТМД байқаушылар миссиясының байқаушысы:

- Қазақстанда сайлау әркез жоғары деңгейде өтіп келеді. Саяси науқанға қатысуға халықтың ынтасы басым. Өзі тұратын мекенжайы бойынша сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруді азаматтық борышы деп біледі.

Хабар 24 телеарнасы